Әлем футболы

Вальверде «Барселонамен» қош айтысады

Вальверде «Барселонамен» қош айтысады
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық журналист Гонсало Миро «Барселонаның» бас бапкері Эрнесто Вальверденің биылғы маусым соңында клубтан кететінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Вальверде «Барселонамен» қарым-қатынасын маусым айында үзеді. Мұндай шешімді бапкер мен клуб келісе отырып қабылдады», деген Мироның сөзін Эль Голазо Де Гол сайты Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

Валверде «Барселонаны» 2017 жылдың жазынан бері баптап келеді. Оның жетекшілігімен команда Примераны екі рет, Испания кубогы және Суперкубокты жеңіп алды. 55 жастағы маманның Каталония клубымен келісімшарты осы жылдың жазына дейін әрекет етеді. Бұған дейін ол «Атлетик», «Эспаньол», «Олимпиакос», «Вильярреал» және «Валенсияны» жаттықтырған.

Айта кетелік, «Барселона» бірінші турдан кейін 40 ұпай жинап, Испания чемпионатында көш бастап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер