Әлем футболы

Тараз тумасына АПЛ клубы қызығушылық танытты

Тараз тумасына АПЛ клубы қызығушылық танытты
news-banner7
mobile-news-top

Англия Премьер-лигасында ойнайтын «Норвич Сити» футбол клубы Тараздың тумасы Равиль Тагирге қызығушылық танытты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Равиль 7 жасынан бастап Түркияда тұрады және Бірінші лигадағы «Алтынорда» намысын қорғайды. Ол сонымен қатар жастар құрамасы үшін (U-21) бірнеше матч өткізді.

«Норвич Сити» скауттары 16 жастағы ойыншыны мұқият қадағалап отыр.

Норвич 1902 жылы құрылған. 2018/2019 маусымда Чемпионшипті жеңіп алғаннан кейін Премьер-лигада өнер көрсету құқығына ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер