ММА

Нұрсұлтан Қасымханов Алматыдағы АСА 105 турнирінде сынға түседі

news-banner7
mobile-news-top

АСА 102 турнирінде тұжырымның әлем чемпионы атағына таласқан спортшыны айқын басымдылықпен жеңген Нұрсұлтан «Сұлтан» Қасымхановтың кезекті жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды.

Нұрсұлтан Қасымханов Алматыда АСА мен «Алаш Прайд» тұжырымы бірлесе өткізетін халықаралық турнирде өнер көрсетіп, Александр Педусонды көгала қойдай сабаған отандасымыз тағы да Алматыдағы турнирде сынға түседі. Ол 6-наурыз күні өтетін АСА 105 турнирінде Ермек Тлауовтан жеңіліп, Фаниль Рафиковты жеңген елімізге танымал спортшы Иван Жвирблямен жұдырықтасады. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтеді.

Айта кетейік, Алматыда өтетін АСА 105 турнирінің басты жекпе-жегінде Арман Оспанов пен Расул Мирзаев шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер