Қысқы

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Төрт құрлық турниріне қатыспайды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Төрт құрлық турниріне қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Сема Уно Төрт құрлық турниріне қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы спортшы 16-22 наурыз аралығында Монреалда өтетін әлем чемпионатына дайындыққа назар аударғысы келеді.

Уно — 2018 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, командалық әлем чемпионатының жеңімпазы (2017), әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2018). Төрт құрлық турнирінде алтын медаль алған (2019).

Айта кетейік, биылғы Төрт құрлық турнирі Сеулде 4-9 ақпан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер