Футбол

Қуаттың командасы жаттығу жиынын Түркияда өткізеді

Қуаттың командасы жаттығу жиынын Түркияда өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Ертең, 10 қаңтарда ресейлік «Оренбург» маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін түркиядаға аттанады.

Команда 22 қаңтарға дейін Түркияның Белек қаласында жаттығу жиынын өткізеді. Алғашқы жаттығу жиынының соңына қарай екі жолдастық матч өткізу жоспарланған.

Команда екінші оқу-жаттығу жиынын да Белекте өткізеді (26 қаңтардан 7 ақпанға дейін жалғасады). Ал үшінші жиын 11-22 ақпан аралығында Испанияның Малага қаласында өтеді.

Айта кетейік, Исламбек Қуат ресейлік команда сапына 1 қаңтарда ресми ауысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер