Әлем футболы

«Реал» Испания суперкубогының финалына жолдама алды

«Реал» Испания суперкубогының финалына жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтің «Реалы» Испания Суперкубогының 1/2 финалында «Валенсияны» 3:1 есебімен ұтты, деп хабарлады Prosports.kz.

«Реал» сапынан Тони Кроос, Иско және Лука Модричтер мергендік танытса, валенсиялық Дани Парехо матч аяқталуға жақын қалғанда 11 метрлік айып добынан есепті сәл қысқартты. Сөйтіп мадридтіктер финалға шықты.

Айта кетелік, бүгін дәл осы Суперкубоктың екінші матчы өтеді. Финалға жолдама алу үшін «Барселона» мен «Атлетико» ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер