Қысқы

Олег Бушмакин: Құрама командамыз ел намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз

Олег Бушмакин: Құрама командамыз ел намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз
news-banner7
mobile-news-top

Ертең, 9 қаңтар күні Лозаннада жасөспірімдер арасында қысқы Олимпиада ойындары басталады. Қазақстан командасы шаңғымен жарыстан 4 жолдама жеңіп алған. Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан атынан Дидар Қасенов, Ілияс Исабек, Айша Рақышева және Валерия Батченколар сынға түседі. Команданың аға бапкері Олег Бушмакиннің айтуынша, жас спортшылар жарысқа тас-түйін дайын.

«2019 жылы жас шаңғышыларды жасөспірімдер Олимпиадасына дайындау үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Щучинск қаласында, Бельмекен (Болгария), Вуокати, Муонио, Контиолахти (Финляндия) қалаларында оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Бүгінде команда мүшелері Швейцарияның Кампра қаласында Олимпиада ойындарына дайындалуда. Сол жақтан Лозаннаға жол тартамыз.

Осы уақытқа дейінгі нәтижелерге сүйене отырып, Лозаннада спортшыларымызды жақсы көрсеткішке қол жеткізеді деп үміттенеміз. Қазіргі таңда Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) рейтингінде Дидар Қасенов 4-ші орында, Айша Рақышева 6-шы, Ілияс Исабек 27-ші орынға, Валерия Батченко 4-ші орынға жайғасқан. Барлық спортшылар бүгінде Олимпиада ойындарына қатысушы 80 шаңғышының қатарынан табылды. Шаңғышыларымыз ел намысын абыроймен қорғап, елге оралады деп ойлаймыз.

Дайындық барысында құрама команда мүшелері FIS аясында бірнеше халықаралық жарыстарға қатысты. Сонымен қатар, біздің құрама спортшылары Қазақстан Республикасының кубогіне де қатысты. Бүгінде жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрама команданың әлеуетін жақсы деп бағалауға болады», - дейді Олег Бушмакин.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер