ММА

Артем Резников АСА 105 турнирінде өнер көрсетеді

Артем Резников АСА 105 турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников(20-6) келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін білді.

Резников 6 наурызда Алматы қаласында өтетін АСА 105 турнирінде өнер көрсетеді. Қазақстандық спортшы ресейлік Хамзат Аушевпен(13-3) өзара мықтыны анықтайтын болады.

Естеріңізге салатын болсақ Артем Резников соңғы жекпе-жегінде ресейлік Хасан Халиевті қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Сол жеңісінен кейін Резников АСА лигасының жеңіл салмақтағы он үздік спортшылар қатарына кірді.

Алматыда өтетін АСА 105 турнирінің басты жекпе-жегінде Арман Оспанов пен Расул Мирзаев кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер