Live
Спорттағы коронавирус
Еркін күрес

Қайпанов олимпиадалық салмақ дәрежесіне ауысты

Қайпанов олимпиадалық салмақ дәрежесіне ауысты

Еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғожа Қайпанов 74 келі салмақ дәрежесіне ауысты. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді. 

- Бапкерлермен ақылдаса келе, 74 келіге ауысамын деп шештім. 2019 жылдың аяғына таман осы салмақта алғаш рет жарысқа қатыстым. Жанат Усинді еске алуға арналған турнирде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжановқа есе жібердім. Биылғы маусымдағы басты мақсат - осы салмаққа бой үйрету. Бұйырса, Ярыгин турниріне дайындалудамын, - дейді Қайпанов. 

Айта кетелік, Нұрғожа Қайпанов 70 келі салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы атанды. 

Түпнұсқасы: Olympic.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0