Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын жеңіліспен аяқтады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЧехияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы үш кездесуге жалғасқан серияда неміс хоккейшілеріне есе жіберді.
Серияның шешуші кездесуінде қазақстандық хоккейшілер 6:0 есебімен оңбай ұтылды. Қазақстан жастар құрамасы жеңілістен кейін элиталық дивизионмен қош айтысты. Келесі жылы Канадада өтетеін әлем чемпионатында өнер көрсетпейді.
Германия U-20 - Қазақстан U-20 (1:0,4:0,1:0)
1:0 - Бокк (Йенцш,Сейдер) - 12:18
2:0 - Бокк(Хуттл,Мик) - 30:12
3:0 - Флейшер( Валенти, Шинко) - 31:35
4:0 - Рейчел(Петерка) - 33:03
5:0 - Хайнзингер( Йенцш) - 34:27
6:0 - Мик( Масс, Шутц) - 55:45
Қақпашылар: Хане - Нурек
Естеріңізге салатын болсақ серияның бірінші матчына Германия 4:0 есебімен жеңсе, екінші кездесуде Қазақстан құрамасы 4:1 есебімен жеңген болатын. Серия тағдырын үшінші кездесу шешті.