Қысқы

Мәдениет және спорт министрі спортшыларды жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадаға шығарып салады

Мәдениет және спорт министрі спортшыларды жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадаға шығарып салады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова спортшыларды жасөспірімдер арасындағы үшінші қысқы Олимпиада ойындарына шығарып салады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Мәдениет және спорт министірлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшыларды шығарып салу рәсімі 6 қаңтар күні 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Іс-шараға министрден басқа Ұлттық олимпиада комитететінің бас хатшысы Сакен Мұсайбеков те қатысады.

Жасөспірімдер арасындағы үшінші қысқы Олимпиада ойындары 9-22 қаңтар аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында өтеді. 14 спорт түрінен әлемнің 70 елінен 2000-ға жуық спортшы бақтарын сынайды. Қазақстандық спортшылар 9 спорт түрінен 26 лицензия жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер