Әлем футболы

“Атлетико” кезекті жеңісіне қол жеткізді

“Атлетико” кезекті жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Ла лиганың кезекті турында мадридтік “Атлетико” өз алаңында “Леванте” футбол клубын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің 13-ші минутында Анхель Корреа алаң иелерін есепте алға шығарды. Араға үш минут салып қонақтар сапынан Рохер көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Небәрі 2 минуттан кейін “Атлетико” қорғаушысы Фелипе гол авторы атанып, қайтадан командасын алға жетеледі. Ары қарай алаң иелері қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, есепті сақтап қалуға тырысты. Қорытынды есеп 2:1 мадридтіктердің пайдасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер