Әлем футболы

ФИФА-ның экс-төрешісі ұлының есімін стадионның атауымен атады

ФИФА-ның экс-төрешісі ұлының есімін стадионның атауымен атады
news-banner7
mobile-news-top

ФИФА-ның экс-төрешісі Пабло Лунати өзінің жаңа туған ұлына мадридтік «Реал» стадионы «Сантьяго Бернабеу» есімін берді, деп хабарлайды Prosports.kz Marca порталына сілтеме жасай отырып.

Бұрынғы аргентиналық төреші - «Ривер Плейттің» жанкүйері. Ұлының есімін Мадридтегі стадионның атауымен атауын 2018 жылы дәл осы алаңда сүйікті командасының «Бока Хуниорс» сынды басты қарсыласты жеңіп, Либертадорес кубогын жеңіп алуымен байланысты екенін айтты. Айта кетелік, «Ривер Плейт» пен «Бока Хуниорс» - Аргентина чемпионатындағы бітіспес қарсыластар.

Лунати 2004 - 2016 жылдар аралығында Аргентинаның жоғарғы дивизионының матчтарында жұмыс істеді. 2007-2012 жылдар аралығында ФИФА аясында халықаралық матчтарда қызмет етті. Төрешілік мансабын аяқтағаннан кейін Лунати «Ривер Плейттің» жанкүйері болғанын мойындады. Сонымен қатар ол өзінің сүйікті командасының қатысуымен өткен матчтарда оған шешім қабылдауға көмектескенін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер