Қысқы

«Тур де Ски»: Қазақстандық спортшылардың нәтижелері

«Тур де Ски»: Қазақстандық спортшылардың нәтижелері
news-banner7
mobile-news-top

Италияның Тоблах қаласында өтіп жатқан «Тур де скидің» төртінші кезеңінде әйелдер үшін 10 шақырым және ерлер үшін 15 шақырым қашықтықтағы жеке жарыстар аяқталды. Prosports.kz назарларыңызға қазақстандық спортшылардың нәтижелерін ұсынады.

Қазақстандық шаңғышылар үшін ең жақсы нәтижені 39-шы болып жарысты аяқтаған Валерия Тюленева көрсетті. Анна Шевченко 48-ші, Ксения Шалыгина 55-ші, Ирина Быкова 56-орында.

Ерлер арасында ең жоғарғы орынға Виталий Пухкало ие болды. Ол мәреге 27-ші болып келді. Әсет Дүйсенов 61-орынға, Владислав Ковалев 63-орынға, Наиль Башмаков 65-орынға, Денис Волотка 76-орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер