Бокс

Эдди Хирн: Головкин мен Альварес келісімге келер деп үміттенемін

Эдди Хирн: Головкин мен Альварес келісімге келер деп үміттенемін
news-banner7
mobile-news-top

Matchroom Boxing промоутері Эдди Хbрн қазақстандық Геннадий Головкиннің 2020 жылға арналған жоспарларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

«Головкиннің Деревянченкомен болған жекпе-жегі «Жыл жекпе-жегі» атағына үміткер болды, бірақ оны ешкім күтпеген болар. Мүмкін адамдар Головкинді шау тартып қалды дейтін болар, бірақ ол өзін жақсы сезінеді. 2020 жыл тамаша жетістіктерге толы болады деп ойлаймын.

Сауль Альвареспен 2019 жылы кездесу мүмкін болмады, өйткені ол Даниэл Джейкобс пен Сергей Ковалевпен жұдырықтасқан болатын. Бәлкім 2020 жылы «Канело» Каллум Смитке немесе Билли Джо Сондерспен төбелесіп, Геннадий Головкинмен кездеседі. Алайда Головкин қоңырау күтуге дайын. Біз Альвареспен келісім жасасамыз деп үміттенемін», - деді Хирн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер