русский язык
ММА

Федор Емельяненко қарсыласын нокаутқа түсірді

Федор Емельяненко қарсыласын нокаутқа түсірді
news-banner7
mobile-news-top

Bellator 237 турнирінің басты кездесуінде аралас жекпе-жектің екі ардагерлері Федор Емельяненко мен Куинтон Джексон кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz

Жекпе-дек бастала салысымен ресейлік спортшы басымдылық таныта бастады. Бірінші раундтың үш минуты да өтпей жатып Емельяненко қарсыласының басына ауыр соққы жасады. Американдық Куинтон Джексон ес-түссіз жерге құлады. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша 1 раундтың ортасында Федор Емельяненко қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Бұл Емельяненконың аралас жекпе-жектегі 39 жеңісі. Ал Куинтон Джексон спорттағы мансабында 14-ші рет жеңіліс тауып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;