Ресей жастар құрамасы Канаданы тас талқан етті
![Ресей жастар құрамасы Канаданы тас талқан етті](https://prosports.kz/upload/news/content/204811_56389dd7e0541c93e7e6cdebdda4ac5e.jpg?v=28650883)
Чехияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Ресей құрамасы Канада жастарымен кездесіп, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Ресейліктер сапынан Хованов, Дорофеев, Ртищев, Александров, Соколов және Денисенко гол соқты.
Топтық кезеңдегі екі ойыннан кейін B тобындағы барлық бес команда 3 ұпайдан жинаған. Бірақ қосыша көрсеткіштер бойынша Ресей құрамасы көш бастап тұр.
Естеріңізге салатын болсық Ресей жастар құрамасы өткен ойында күтпеген жерден, мұз айдын қожайындары чехиялықтарға есе жіберген болатын