Басқа

Ришат Хайбуллин: Мақсатым - Олимпиада жүлдегері атану

Ришат Хайбуллин: Мақсатым - Олимпиада жүлдегері атану
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада ойындарында алғаш рет құзға өрмелеу бойынша сайыстар өтеді. Токио Олимпиадасына жаңадан қосылған спорт түрінен ел намысын Ришат Хайбуллин қорғайды. Ол биыл әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, Олимпиада жолдамасын қоржынға салған болатын.

Жолдама иегері Ришат Olympic.kz сайтына жылды қорытындылап, сұхбат берді.

"Әрине, мен үшін 2019 жылды өте сәтті өтті деуге бодады. Себебі, биыл кәсіби спорттағы ең үздік нәтижеме қол жеткізіп, Олимпиада ойындарына жолдама алдым.

Әлем біріншілігінде әлемнің үздіктерімен қатар тұру, олармен бірге бақ сынасу мен үшін үлкен мәртебе. Жолдамаға қол жеткізгенде өзімнің, отбасым мен елім алдындағы жауапкершіліктің артқанын ұқтым.

2020 жылдан күтер үмітім, жоспарым, мақсатым өте көп. Солардың ең бастысы - Олимпиада ойындарынан жүлдегер атану. Ол үшін мен тынбай еңбектеніп, жаттығу бағдарламасын күшейтуім керек. Қазіргі таңда шетелде біліктілігімді арттырып, Токио Олимпиадасына қызу дайындық үстіндемін", - дейді Ришат Хайбуллин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер