Басқа

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова азаматтарды қабылдады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова азаматтарды  қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрлік ғимаратындағы «Адалдық алаңында» азаматтарды жұмыс және жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Министрмен кездесуге келген 10 азаматтың көтерген мәселесі сан-алуан.

Қабылдау кезінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Радиотехника, электроника және телекоммуникация кафедрасының профессоры Жанат Аймағанов латын әліпбиіне байланысты ұсынысымен бөлісті. Министр аталған мәселе бойынша Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешовке ұсынысты ескеріп, тиісті шаралар қабылдауға тапсырма берді.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері, спорттық-балдық билер бойынша еліміздің бірнеше дүркін жеңімпазы Әлия Түсіпбекова мен Дина Ергелдинова мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбадағы би спорт түрін дамытуға қолдау көрсетуді сұрады. Сонымен бірге заманауи би өнерін дамытуға қатысты Жеңіс Шерханның ұсынысына Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов жауап берді.

Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаевқа арналған ескерткіштің авторы, марқұм Бақытжан Әбішевтің жұбайы Шамшагүл Меңдиярова күйеуінің мұралары музейлерде көрме залына қойылса деген өтінішін айтты. Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова бұл ұсынысты ескеретінін жеткізді.

Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пьеса авторы Марат Дүйсенбинді, Сары Батақұлына ескерткіш орнату бойынша Серік Мұқанбетұлын және басқа жеке мәселелері бойынша келген азаматтарды тыңдап, қабылдауда айтылған өтініштердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Қабылдау соңында Жеңіс Шерхан «Жастар жылы» аясында Sport&Dance фестивалін және Брейк данс спорт түрінен І республикалық чемпионатты ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін Ақтоты Рахметоллақызына алғыс айтты.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер