Бокс

Геннадий Головкин онжылдықтың үздік боксшылары қатарына кірді

Геннадий Головкин онжылдықтың үздік боксшылары қатарына кірді
news-banner7
mobile-news-top

Танымал америкалық Yahoo! Sports басылымы соңғы онжылдықтағы үздік боксшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың ішінде орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы титулдарының иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де бар. Оны жетінші орынға қойған. Бұған дейін 37 жастағы қазақстандық WBC және WBA Super нұсқаларының чемпионы болған еді. Соңғы онжылдықтың қорытындысы бойынша кіші Флойд Мэйвезер ең үздік боксшы аталды. Екінші орында Андре Уорд, ал үшінші болып Василий Ломаченко жайғасты. Сондай-ақ ТОП-10-ға Сауль Альварес, Теренс Кроуфорд, Роман Гонсалес, Мэнни Пакьяо, Наоя Иноуэ және Александр Усик кіріп отыр.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер