«Ертіс» футбол командасы жастарға сенім артады

«Ертіс» футбол командасы жастарға сенім артады
news-banner7
mobile-news-top

9 қаңтарда Түркияда алғашқы «Ертіс» футбол командасының алғашқы оқу-жаттығу жиыны басталады. Павлодарлық клуб ОЖЖ-на негізгі құрам мен жас тәрбиеленушілерін қоса апармақ, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Милан Миланович бастаған бапкерлер құрамы «Ертіс» командасының шәкірттері саналатын жас футболшылар тобын тексеруге ниетті.

Сансызбай Жаңатұрмысов, Изат Құлжанов, Әліби Тасболатов, Шыңғыс Нариман, Павел Баркунов, сондай-ақ өткен маусымның екінші жартысын Екібастұзда жалға алған Батыыр Құдайбердинов пен Денис Красноперовтер Түркияға барып, сыннан өтпек. Олардан бөлек шабуылшы Арман Смайылов пен қорғаушы Данил Кузнецов та шақырту алды.

Бірінші ОЖЖ Түркияның Белек қаласында өтеді және 24 қаңтарға дейін жалғасады. Екі жолдастық кездесу жоспарланған, қарсыластардың есімдері оқу-жаттығу жиынының басталуына жақын күндері белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер