Басқа

Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациялар Одағының Президенті тағайындалды

news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациялар Одағы» ЗТБ кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Аталған кездесуде Федерацияның жаңа басшысы тағайындалды. Бұл орынға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Смайылов Әлихан Асханұлы сайланды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа сайланған Федерация Президентіне қызметте сәттілік тілеп, аталған Федерация жұмысының аса маңызды екеніне тоқталды. Президенттік тестілердің ұлт денсаулығын сақтау, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына шақыруда аса маңызды екенін жеткізді.

«Әлихан Асханұлы Сізді аталған Федерацияның Президенті қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері күшті, төзімділікті, жылдамдық пен ептілікті көрсететін дене шынықтыру жаттығуларының түрлерін қамтиды және жеке адамдардың жасына байланысты деңгейлерден тұратынын атап өткім келеді. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті Елбасының тестілерін тапсырудың 2-тоқсаны бойынша 3463690 адам қатымты, оның ішінде 49387 адам Президентік деңгейдегі нормативтерді орындады, оның ішінде ауылдық жерлерде 19602 адам, 145222 адам ұлттық деңгейдегі нормативтерді орындады, оның ішінде ауылдық жерлерде 67421 адам, бастапқы деңгейдегі нормативтерді 348009 адам орындады, оның ішінде ауылдық жерлерде 134902 адам орындады.»,-деді министр Ақтоты Рахметоллақызы.

Өз сөзінде жаңа сайланған Федерация Президенті бұқаралық спорттың ел саулығындағы маңыздылығын атап өтті.

«Ұлт саулығы ел саясатының басым бағыттарының бірі. Бұқаралық спортты әлеуметтің барлық топтары арасында дамыту маңызды. Спорттық инфрақұрылымды бұқараға қолжетімді ету керек. Бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспарды заңмен бекітіп, осы бағытқа басымдық беру қажет»,-деді Әлихан Асханұлы.

Сонымен қатар, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы бас директоры Имамбаев Абат Ассоциация атынан жаңа сайланған Президент қызметіне сәттілік тілеп, болашақта ұйым тарапынан Федерацияға қолдау білдіретінін жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер