"Барыс" хоккейшісі ҚХЛ-да аптаның үздік шабуылшысы атанды
!["Барыс" хоккейшісі ҚХЛ-да аптаның үздік шабуылшысы атанды](https://prosports.kz/upload/news/content/204811_41b010aef1c2db9fe1367ba3c66f103c.jpg?v=28650879)
Құрлықтық хоккей лигасының үздік хоккейшілерін анықтайтын комиссия мүшелері 14-ші аптаның үздіктерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz КХЛ-дың ресми сайтын сілтеме жасай отырып.
"Барыс" ойыншысы Корбэн Найт өткен аптада 6 ұпай (3+3) жинап, ҚХЛ-дың үздік шабуылшысы атанды.
Өткен аптада елордалық ұжым сырт алаңда 3 кездесу өткізіп, 2 рет жеңіске жетті. Корбэн Найттың "Торпедоға" соққан голы кездесу тағдырын шешкен болатын.
Корбэн Найт "Барыс" хоккей клубының сапына 2019 жылы қосылған. Биылғы маусым барысында 38 кездесуге қатысып, 25 ұпай(12+13) жинаған.