Әлем футболы

Бұзақылар Мальмедегі Златан Ибрагимовичтің мүсінін кескілеп тастаған (фото)

Бұзақылар Мальмедегі Златан Ибрагимовичтің мүсінін кескілеп тастаған (фото)
news-banner7
mobile-news-top

Швеция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Златан Ибрагимовичтің мүсініне бұзақылар шабуыл жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Көше бұзақылары мүсіннің мұрнын және кішкентай бармақты кесіп алған да күміс түске бояп қойған.

Сонымен қатар, мүсін бірнеше рет вандализм әрекеттеріне ұшырағандықтан, айналасында қоршау орнатылды, бірақ бұл да ереже бұзушылар үшін кедергі болмады.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта шабуылшы - американдық Лос-Анджелес Гэлаксидің ойыншысы, оның 2019 жылдың соңына дейін келісімшарты бар. Аяқталуға жақын маусымда швециялық футболшы MLS чемпионатының 31 матчында 31 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер