Әлем футболы

Криштиану Роналду 2013 жылдан бері алғаш рет финалдық матчта жеңіліс тапты

Криштиану Роналду 2013 жылдан бері алғаш рет  финалдық матчта жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду 2013 жылдан бергі алғашқы финалдық матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, «Ювентус» Италия суперкубогының финалдық матчында «Лациодан» 1:3 есебімен ұтылып қалған еді.

Роналду үшін бұл жеңіліс 2013 жылдан бері алғашқы саналады, деп хабарлайды Football Italia. 2013 жылдың 17 мамырында Роналду «Реал» сапында «Атлетикодан» 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Осы жеңілістен кейін португалиялық шабуылшы қатарынан 12 финалда жеңіске жетті. Ал «Ювентус» сапында Роналду екі финалда ойнады және 2019 жылдың қаңтарында Италия Суперкубогында «Миланды» жеңді. Бұл матчта Роналду жеңіс голын соқты.

Роналду «Ювентусқа» 2018 жылдың жазында «Реалдан» ауысып келді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер