Әлем футболы

АПЛ: Лэмпардтың «Челсиі» Моуриньоның командасын тізе бүктірді

АПЛ: Лэмпардтың «Челсиі» Моуриньоның командасын тізе бүктірді
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын Премьер-лигасының 18-ші турында «Челси» қонаққа «Тоттенхэмге» барып, 2:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Көктер» сапынан бірінші таймда Виллиан дубль авторы атанды. Екінші тайм барысында Сон Хын Мин алаңнан қуылып, «Тоттенхэмді» қиын жағдайда қалдырды. Матч аяғына дейін таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ.

Алаң иелері ойын барысында қарсылас қақпасына бірде-бір дәл соққы бағыттай алмады.

Жозе Моуриньо болса, «Тоттенхэм» бапкері ретінде АПЛ-дағы екінші жеңілісіне ұшырады. Бір қызығы, португал маманы бұрын баптаған клубтарға қарсы қару таба алмауда. 15-ші турда «Тоттенхэм» сырт алаңда «Манчестер Юнайтедтен» ұтылды.

Моуриньо «Челсиді» араға 6 жыл салып, барлығы бес жыл, «Манчестер Юнайтедті» 2 жыл баптады.

Лэмпард болса Моуриньоның қол астында «Челсида» төрт жыл доп тепті.

АПЛ. 18-тур.

«Тоттенхэм» – «Челси» – 0:2

Голдар: Виллиан (12; 45+4, пенальти).

Алаңнан қуылды: Сон Хын Мин (62).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер