Бокс

«Канело»: Бокста қазір жұлдыздар емес, есектер көп

«Канело»: Бокста қазір жұлдыздар емес, есектер көп
news-banner7
mobile-news-top

Кеше, 21 желтоқсан күні АҚШ-тың Финиксінде кезекті бокс кеші өтті. Басты кездесу америкалық Дэниел Джейкобс пен Хулио Сезар Чавес арасында болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек туралы ерінбегеннің бәрі жазып жатыр. Соның бірі - мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес.

«Қазіргі кезде бокста жұлдыздардан гөрі есектер көп. Мұны мексикалықтар түсінеді», деп жазды ол өзінің Twitter желісіндегі жеке парақшасына.

Еске сала кетелік, Хулио Сезар Чавес бесінші раундтан кейін қолының сынғанын айтып, жекпе-жекті тоқтатуды өтінген болатын.

Айта кетелік, Дэниел кәсіби мәнсабындағы 36-ншы жеңісін тойлады және оның еншісінде үш жеңіліс те бар. Кіші Чавес болса, 51 жеңістің иесі, сондай-ақ 1 жекпе-жегін тең аяқтаса, жеңілісінің саны 4-ке жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер