Қысқы

Алдабергенова әлем кубогында үздік төрттікке енді

news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Чанчунь қаласында фристайл-акробатикадан әлем кубогының алғашқы кезеңі өтуде. Қазақстан командасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова әлемдік сыннан төртінші орын алды.

Жанбота 80.9 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Алтын жүлдені қытайлық Хью Ментаго (105.5), күміс жүлдені белоруссиялық Александра Романовская (93.4), қоланы австралиялық Лаура Пииль (86.7) иеленді.

Айта кетелік, бұл Жанботаның маусымдағы үздік көрсеткіші. Ол 2016 жылы әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанған.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер