Басқа

Шахматтан Қазақстан кубогы: Гүлісхан Нахбаева күміс жүлдеге ие болды

Шахматтан Қазақстан кубогы: Гүлісхан Нахбаева күміс жүлдеге ие болды
news-banner7
mobile-news-top

Ерлер мен әйелдер арасында шахматтан Қазақстан Республикасы Кубогының финалы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Ерлер финалындағы жеңісті армян шахматшысы Левон Бабуджан қанжығасына байлады, ресейлік Дмитрий Хегай мен Максим Туров тиісінше екінші және үшінші орындарға ие болды. Ресейлік Елена Томилова әйелдер арасында үздік атанды, әйелдер арасында күміс жүлде шымкенттік Гүлісхан Нахбаеваға, ал қола Грузиялық Нино Хомерикиге бұйырды.
«Ойын оңайға түспеді, - деді Гүлісхан, - Кубокқа Қазақстан мен ТМД елдерінің үздік 20 шахматшысы таласты. Менің қарсыластарым - ең тәжірибелі шахматшылар, сондықтан барлық 9 тур барынша шиеленіспен өтті».
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда балалар арасындағы Қазақстан Кубогының финалы өтті, ол Сұлтан Аманжол мен Амина Қайырбекованың жеңісімен аяқталды. ҚР Кубогының финалы дәстүрлі түрде әлемнің ірі турнирлерінде ел намысын қорғауға мүмкіндік беретін үздік шахматшыларды анықтайды.
«Кубоктың финалында 3,7 млн. теңге жүлде қоры ойнатылды», - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, - сонымен қатар балалар финалының жеңімпаздары Сұлтан мен Амина шахмат бойынша 14 жасқа дейінгі әлем чемпионатында ойын көрсететін болады».
Еске салайық, ҚР Кубогының финалына 16 қазақстандық және 4 шетелдік спортшы - өткен жылғы кубоктың жеңімпаздары, сонымен қатар іріктеу кезеңдерінің мықты шахматшылары қатысты. Турнир дөңгелек жүйеде ерлер мен әйелдер үшін өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер