русский язык
Бокс

Головкиннің промоутері: Елеусіновтың деңгейі өсіп келеді

Головкиннің промоутері: Елеусіновтың деңгейі өсіп келеді
news-banner7
mobile-news-top

Matсhroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновке мақтау айтты, деп жазады Prosports.kz.

Ол туралы ESPN қызметкері америкалық журналист Стив Ким Twitter желісінде Алан Санчесті уақытынан бұрын жеңген Даниярдың боксына тәнті болғанын жазады. Хирн болса, Елеусіновтың мақтауын тіпті асырып жіберді.

Журналист «Данияр Елеусінов кәсіпқой боксшы ретінде тұрақты жұдырықтасып жүр...», десе, Эдди Хирн «Расында да солай! Ол күннен күнге мықты бола түседі, себебі қарсыластарының деңгейі де өсіп барады» - деп жауап қатты Хирн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;