Әлем футболы

ИФФ «Барселонаға» айыппұл салды

ИФФ «Барселонаға» айыппұл салды
news-banner7
mobile-news-top

Испания футбол федерациясының тәртіптік комиссиясы Ла Лига аясындағы «Реалмен» ойын кезіндегі оқиғадан кейін «Барселонаға» айыппұл салғанды жөн деп тапты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport.ua сайтына сілтеме жасап.

1500 еуро. Дәл осы мөлшерде каталониялық клубқа айыппұл салынды.

Еске сала кетелік, «Барса» фанаттары «Эль Класиконың» 56-минутында наразылық шеруіне шығушыларға қару кезенген полицейлердің резина оқтарына ұқсас ондаған доптарды алаңға лақтырған. «Бостандық!» ұранымен қабаттаса пайда болған перфомансқа «Демократиялық цунами» деген атау берілді.

Барселона қаласында ойыннан кейін де, ойынға дейін де Каталонияны Испаниядан бөлу туралы ұрандаған наразылық шеруінде 60-тан астам адам жарақат алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер