Әлем футболы

Тарих қайталанады! «Ливерпуль» мен «Фламенго» тағы кездеседі

Тарих қайталанады! «Ливерпуль» мен «Фламенго» тағы кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Ертең, 21 желтоқсанда клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалдық ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қатар астанасы Дохада орналасқан Halifa International стадионында ағылшынның «Ливерпулі» мен бразилиялық «Фламенго» кездеседі.

Аға буын өкілдерінің бәлкім, есінде болар, қос команда 1981 жылы аталған турнирдің финалында ойнаған болатын. Сол матчта фламенголықтар 3:0 есебімен жеңіске жеткен. «Ливерпуль» командасының Бразилия клубтарынан жолы болмай келе жатқаны анық. 2005 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатында да Сан-Паулуға (0:1) есе жіберген мерсисайдтықтар ертең қалайда жеңіске жетуге тырысады. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 23.30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер