Қысқы

Павел Васильев: Лозаннада жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз

Павел Васильев: Лозаннада жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылдың 9 қаңтары күні Швейцарияда жасөспірімдердің үшінші қысқы Олимпиадасы басталады. Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы төртжылдық додасына төрт жолдама жеңіп алды. Аға бапкер Павел Васильевтің айтуынша, жас спортшылар жарысқа тас-түйін дайын.

«Жасөспірімдер Олимпиадасына дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бүгінде біз словениялық кеңесшіміз Матиаш Зупанның жетекшілігімен жаттығудамыз. Қазіргі таңда Польшада оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Мұнда трамплиннен секіріп, жаттығу залында дайындалып, спортшылардың жалпы физикалық дайындығын арттырудамыз. Сондай-ақ, команда мүшелері психологтың көмегіне жүгініп, кешенді түрде жаттығуда.

Жиын аяқталған соң біздің команда Германияның Обервизенталь қаласында өтетін FIS кубогіне аттанады. Бұл біздің спортшылар үшін жылдың ең соңғы жарысы болмақ. Осы жарыс қорытындысы бойынша, Лозаннадағы жасөспірімдер Олимпиадасына қаншалықты дайын екеніміз байқалады.байқалады

Әрине, алдын ала болжам жасаудан аулақпын. Лозаннада қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз. Жақсы нәтиже көрсету үшін тынымсыз дайындалып жатырмыз. Данила Васильева мен Вероника Шишкинаға үлкен үміт артамы. Сондай-ақ, олар миксте сынға түседі», - дейді бапкер

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер