Дзюдо

Елдос Сметов: Әлем чемпионатында жүлде алған соң, маусымға жақсы баға беремін

news-banner7
mobile-news-top

Жазғы спорт түрлерінен биылғы маусым аяқталды. Olympic.kz сайты әдеттегідей жылды қорытындылап, үздік спортшылармен тілдесті. Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Елдос Сметов биылғы маусымға «жақсы» деген баға беріп, нәтижесімен бөлісті.

«2019 жылы алға қойған мақсаттарым орындалды. Биыл алдымызға қойған ең басты міндет – жүлделі орындардан көрініп, рейтингте ұпай жинау болды. Жаңартылған соңғы рейтингте екінші орында тұрмын. Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен соң, жылды сәтті аяқталды деп айта аламын.

Жалпы, 2019 жылы алты жарысқа қатыстым. Оның төртеуінде жүлдегерлер қатарынан көріндім. Париждегі «Grand Slam» додасында күміске ие болсам, Анталия мен Будапештте өткен Гран-При бәсекелерінде жеңімпаз атандым. Одан кейін Токиода өткен әлем біріншілігінде қолаға қол жеткіздім. Ал Әбу-Дабиде өткен «Grand Slam» бәсекесі мен кешегі Циндаода өткен «Masters» турнирінде жүлделі орынға бір қадам жетпей, бесінші орынға тұрақтадым.

2020 жылғы басты мақсат – Олимпиада ойындары. Осы жылы алған барлық жүлделер Олимпиадаға басқан қадамдар деуге болады. Биылғы жүлделер келесі жылы Олимпиада алтынына айналады деп сенемін», - дейді Елдос Сметов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер