Әлем футболы

Моуриньо қаңтарда үш футболшымен қоштасуы мүмкін

Моуриньо қаңтарда үш футболшымен қоштасуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Эриксен, Ваньяма және Роуз «Тоттенхэм» сапынан кетуі мүмкін деп жазады Prosports.kz.

The Telegraph басылымыны сенсек, Жозе Моуриньо қысқы трансфер уақытында командадан кететін ойыншылардың тізімін жасады. Дэни Роуз бен Виктор Ваньяма португалиялық бапкердің көңілінен шықпады. Ал, Кристан Эриксен болса, командамен келісімшарт мерзімін ұзартудан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Даниялық футболшыны Жозе де көндіргісі жоқ.

Айта кетейік, қаңтар айы басталысымен «Реал», «Ювентус», «Манчестер Юнайтед» секілді белді клубтар Эриксенге келісімшарт ұсынуға асығып отыр.

«Тоттенхэм» мен 27 жастағы футболшы арасындағы байланыс өз күшін маусым айында жояды. Келісімшарт мерзімі аяқталуға алты ай қалғанда футболшы кез келген клубпен алдын-ала келісімге келуге құқылы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер