Әлем футболы

Роналдудың голы «Ювентуске» жеңіс сыйлады

Роналдудың голы «Ювентуске» жеңіс сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Италияның біріншілігінің 17 тур аясында туриндік «Ювентус» футбол клубы сырт алаңда Сампдория клубын 2:1 есебімен жеңді.

Ойынның 19-шы минутында Пауло Дибала есеп ашса, 35-ші минутта алаң иелері сапынан Джанлука Капрари мергендігімен көзге түсті. Бірінші таймның шымылдығы жабылар тұста Криштиану Роналду қонақтарды алға шығарды. Қалған уақытта «Сампдория» ойыншылары Сарри шәкірттерінің осал тұсын таба алмай, есеп өзгеріссіз қалды.

«Ювентус» футбол клубы 17 турдан кейін 42 ұпаймен Италияда көш бастап тұр. Ал «Сампдория» 15 ұпаймен 17 сатыға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер