Қысқы

Мәдіғали Қарсыбеков: Әлем кубогі кезеңінде резервтегі спортшылардың әлеуетін байқадық

news-banner7
mobile-news-top

Шорт-тректен әлем кубогінің төрт кезеңі артта қалды. Қазақстандық спортшылар кубоктік кезеңдерден әзірге бір медаль еншіледі. Жапонияның Нагоя және Қытайдың Шанхай қалаларында өткен әлемдік бәсекеден соң бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков арнайы сұхбат берді.

«Әлем кубогінің үшінші және төртінші кезеңінде жас спортшыларымыздың әлеуетін сынаймыз деген мақсат қойғанбыз. Команда көшбасшылары Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никишалар әлемдік додалардан жүлде алып жүр. Сондықтан, олардың ізін басатын спортшыларды дайындау біздің міндетіміз. Бір қуантатыны, бізде жақсы резерв бар.

Шанхайдағы төртінші кезеңде командалық эстафетадан кіл жастарды жарыс жолына қостық. Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбев, Әділ Ғалиахмето және Нұртілек Қажығали бастан аяқ жүгірді. Әрине, ескерту алды балалар. Бірақ айтарлықтай айыптайтын қате емес. Олар өз тобында Франция мен Канаданы артта қалдырды. Қытайдың өзі біздің команданы әрең ұтты. Қорытындысы жаман емес, 8-ші орын. Командада бәсекелестік жоғары.

Ал бәсекелестік жоғары жерде деңгей өседі. Біздің қазіргі басты мақсатымыз – 2021 жылдың күзіне дейін резервтегі спортшылардың деңгейін арттыру. Өйткені, сол кездегі әлем кубогі кезеңдерінде олимпиадаға лицензия таратылады. Бізге Олимпиададан медаль алу қажет. Осыған дейін бесінші, алтыншы орында болдық. Біздің спортшылардың жекелеген қашықтықтарда да жүлде алатын мүмкіндігі мол. Ал осы маусымға келер болсақ, алда әлем кубогінің екі кезең қалды. Германия мен Голландиядағы кубоктік кезеңдерден соң, әлем чемпионаты күтіп тұр. Сол додадаға эстафетадан жолдама аламыз деген үміт басым», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер