Әлем футболы

Қытай СІМ өкілі: Өзіл жалған ақпараттарға сеніп отыр

Қытай СІМ өкілі: Өзіл жалған ақпараттарға сеніп отыр
news-banner7
mobile-news-top

Қытай Халық Республикасы СІМ өкілі Гэн Шуан «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Месут Өзілдің ел саясатына қатысты пікір білдіргені жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, футболшы Twitter желісіндегі парақшасына Қытайдағы ұйғыр ұлтының қудаланып жатқаны жайлы жазған болатын. Ойыншы Қытайдағы фан-клубын жауып тастады. Дереккөздерге сүйенсек, Өзілдің аты қытайлық сайттардағы іздеу желілерінен мүлде жоғалып кеткен. Тіпті кеше Қытай телеарнасында «Арсенал» - «Манчестер Сити» матчы эфирден алынып тасталды.

Ең қызығы, футболшы өзінің жазбасын өшіріп тастаған.

«Мен Өзілдің Шыңжан аймағында болған-болмағанын білмеймін, бірақ ол жалған ақпараттарға сеніп отыр. Егер Месуттың мүмкіндігі болса, Қытайға келіп, бәрін өз көзімен көрсін. Біз оған қуанышты боламыз», деп келтіреді Шуанның сөзін ВВС.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер