Әлем футболы

Қытай билігі «Арсенал» клубын қорқытып-үркітуге көшті

Қытай билігі «Арсенал» клубын қорқытып-үркітуге көшті
news-banner7
mobile-news-top

Неміс футболшысы Месут Өзілдің Қытайдағы зорлық-зомбылық туралы айтқан сөздерінен кейін, «Арсенал» клубына ескерту жасалды. Бұл туралы әлемдік БАҚ-тар жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, футболшы Twitter желісіндегі парақшасына Қытайдағы ұйғыр ұлтының қудаланып жатқаны жайлы жазған болатын. Ойыншы Қытайдағы фан-клубын жауып тастады. Дереккөздерге сүйенсек, Өзілдің аты қытайлық сайттардағы іздеу желілерінен мүлде жоғалып кеткен. Тіпті кеше Қытай телеарнасында «Арсенал» - «Манчестер Сити» матчы эфирден алынып тасталды.

Қытаудың басқарушы партиясымен байланысы бар Global Times басылымы Месуттың пікірін сайқымазақтың сөзі деп атады, сондай-ақ ағылшын клубына мұның арты жақсы болмайтынын ескертті. Газет «Өзіл өрескел қылығымен қытайлық жанкүйерлер алдындағы беделіне нұқсан келтірді және ол «Арсеналға» да жақсы болмайды» деп жазды.

Аталмыш газеттің жазуынша, Қытай футбол федерациясы Өзілдің сөздері оның қытайлық жаркүйерлерін ғана емес, күллі Қытай жұртшылығының намысына тиді. Ал ағылшын клубы Өзілдің сөздерін оның жеке пікірі екенін, клубтың саясатқа араласпайтынын мәлімдеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер