Әлем футболы

Эль Класико: Марсело «Барселона» – «Реал» матчына қатыса алмайды

Эль Класико: Марсело «Барселона» – «Реал» матчына қатыса алмайды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал» қорғаушысы Марсело Примераның 10-турындағы кейінге қалдырылған матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz Marca порталына сілтеме жасап.

«Барселонамен» болатын матчқа Марселоның қатысу-қатыспауы екіталай болып тұр.

«Валенсияға» қарсы ойнаған ойыншылар бүгін жеңіл жаттығулар ғана жасады, ал ойынға қатыспаған футболшылар толыққанды дайындалған болатын. Бұлардың ішінде Марсело болған жоқ. Бұл бразилиялықтың жарақаты толық жазылмағанын білдіреді.

Дереккөздің хабарлауынша, ойынға тағы бір жарақаттанған футболшы Каземиро қатысады.

«Барселона» – «Реал» матчы 18 желтоқсан күні Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өтеді. Екі команда да 16 ойында 35 ұпайдан жинап, турнир кестесінің бас жағына жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер