Әлем футболы

Блаттер мен Платинидің басы тағы да дауға қалды

Блаттер мен Платинидің басы тағы да дауға қалды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 16 желтоқсан күні ФИФА Швейцария сотына ұйымның бұрынғы басшысы Йозеф Блаттер мен УЕФА-ның экс-төрағасы Мишель Платинидің үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ФИФА-ның ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенер болсақ, ұйым Блаттерден 2011 жылы Платиниге негізсіз төленген 2 миллион еуроны қайтаруды талап етіп отыр.

Бұл шағым жақында ғана ФИФА-ның Басқарушы комитетінің бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес түсірілді. Онда бір лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға төлеген қаржыны ФИФА-ның қайтарып алуға міндеттелгені туралы айтылған. Тіпті Швейцарияның Жоғарғы соты 2 миллион еуро көлеміндегі сыйлықты «негізсіз төлем» екенін дәлелдеді. Қайтарылатын қаржы футболды дамытуға жұмсалады.

Йозеф Блаттер мен Мишель Платинидің өзі ештеңені мойындамай отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер