«Тобыл» қатарына жаңа үш ойыншыны қосты

«Тобыл» қатарына жаңа үш ойыншыны қосты
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобылдың» қатарына Қазақстан құрамасына кандидат үш футболшы ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайлық клуб Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марочкинмен еңбек келісімін жасасты.



Александр мансабын Алматы облысының «Іле-Сәулет» клубында бастаған. Кейін Ақтаудың «Каспий» командасының құрамында өнер көрсетті.

2015 жылы қорғаушы «Оқжетпес» сапында Премьер-лигадағы бірінші маусымын өткізді. 2016 жылы Марочкин «Қайсарға» барып, Көкшетауға қайта оралды.

Александр былтыр қызылордалық «Қайсар» сапында өнер көрсетіп, Қазақстан Кубогының иегері атанды.

Марочкин Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 7 матчта алаңға шықты.

«Ақтөбенің» экс-жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов те Қостанайға келді.

Асланбек футбол мансабын Ақтөбеде бастады. Премьер-Лигада 2016 жылдан бастап өнер көрсетеді.

Өткен маусымда Асланбек Кәкімов 12 нәтижелі ұпай жинап, «гол+пас» жүйесі бойынша «Ақтөбедегі» көшбасшылардың бірі болды.

Қостанайлық клуб Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаевты қатарына қосты.

Оралхан – Қарағанды футбол мектебінің тәрбиеленушісі. «Шахтердің» құрамында шабуылшы 2015 жылы дебютін өткізді. Өткен бірнеше жыл ішінде кеншілер жейдесінде 70 матчта алаңға шығып, 8 гол соқты.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында екі матч ойнап,екі гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер