Григорий Бабаян: Команда құрамын күшейтеміз

Григорий Бабаян: Команда құрамын күшейтеміз
news-banner7
mobile-news-top

«Тобылдың» бас бапкері маусымаралық жоспарлар мен құрамдағы өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

- Григорий Константинович, команда алдағы маусымға қалай дайындалатын болады? Оқу-жаттығу жиындары қайта өтеді?

- Команда 7 қаңтарда Дубайда жиналады. Мұнда алдағы маусымға дайындықтың физикалық кезеңін бастаймыз. Екінші жиын, дәстүр бойынша, Түркияда өтеді және алаңдағы жұмыстарға назар аударамыз.

- Алаңның қай шебі күшейтуді қажет етеді?

- Негізі барлық позицияны күшейту керек. Қазір үлкен селекциялық жұмыс жүріп жатыр. Әзірге аты-жөнін атауға ерте, бірақ команданы күшейтер деген үміткерлердің тізімі бар.

- Осы маусымаралық үзілісте «Тобылды» толықтырғандар бар ма?

- Қазақстан ұлттық құрамасына кандидат Асланбек Кәкімов, Александр Марочкин және Оралхан Өміртаевпен келісімшартқа қол қойылды. Бұлардың бәрі білікті орындаушылар, бірақ алдағы уақытта алаңдағы еңбегіне қарап саралаймыз.

- Жанкүйерлерді келесі маусымда қандай футбол ойнайтындарыңыз қызықтырады.

- Мұны футболшылардың өздеріне қарап бағамдаймыз. Нәтиже әкелетін футбол ойнаймыз деп ойлаймын.Тек бір айтарым, команданың негізгі міндеті тәртіпті сақтау болады. Сонда ғана айтарлықтай жетістіктерге жетеміз.

- Жаңа маусымға жаңа міндеттер қойылды ма?

- «Тобыл» соңғы жылдары тек биік мақсаттар қойып жүр, сол үрдіс биыл да жалғасады. Барлығы маусым басында, облыс әкімімен кездесу кезінде белгілі болады. Нақты тапсырмалар сонда беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер