Әлем футболы

«Астананың» бұрынғы қарсыласы Голландия чемпионатында көш бастады

«Астананың» бұрынғы қарсыласы Голландия чемпионатында көш бастады
news-banner7
mobile-news-top

Эредивизияның 17-турында «АЗ Алкмар» өз алаңында амстердамдық «Аяксты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

АЗ-ға жеңіс голын қосымша уақытта Боаду сыйлады. Осы жеңісінен кейін АЗ ұпай саны бойынша «Аяксты» қуып жетті. Қазір екі команда чемпионатта көш бастап келеді.

Айта кетейік, АЗ Голландия чемпионатында қатарынан жеті матчта жеңіске жетті, бұл ойындарда команда өз қақпасына гол жібермеген.

Естеріңізге салсақ, АЗ биыл Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Астанамен» екі рет ойнаған. Голландиялық клуб екі матчта «Астананы» 11:0 есебімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер