Хоккей

Павел Акользин «Барыстың» қараша айындағы үздік ойыншысы атанды

Павел Акользин «Барыстың» қараша айындағы үздік ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы қараша айындағы команданың үздік ойыншысын анықтау үшін жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан астанасындағы жанкүйерлер арасында жүргізілген сауалнаманың көшбасшысы 27% дауыс алған шабуылшы Павел Аколзин болды. Екінші орынды қақпашы Эдди Паскале (19%), үшінші орынды шабуылшы Роман Старченко (13%) иеленді. Марапаттау рәсімі 25 желтоқсанда «Барыс» - СКА матчында өтеді.

Қараша айында Павел Аколзин «Барыстың» тоғыз матчына қатысып, 4 ұпай жинады (2 гол және 2 пас) және команданың екінші бомбардирі атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер