Бокс

Уәлихан Бисенқұлов Мәскеуде жеңіске жетті

Уәлихан Бисенқұлов Мәскеуде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеуде өткен бокс кешінде қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Уәлихан «Адай» Бисенқұлов (9-1, 9 ко) жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.

Бисенқұловтың қарсыластары ресейлік боксшы Иван Аратский (0-3) болды. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Бисенқұлов қарсыласын алдымен нокдаунға жіберіп, содан кейін оны нокаутқа түсірді.

Бұл Уәлиханның кәсіби мансабындағы оныншы жеңісі ретінде тіркелді. Ал 24 шілдеде Мәскеуде өткен жекпе-жегінде Бисенқұлов үшінші раундта ресейлік Артуш Саргсянға (6-7, 4 КО) нокаутпен ұтылып, мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер