Қысқы

Нұр-Сұлтанда «Денистің достары» мұз шоуы өтті

Нұр-Сұлтанда «Денистің достары» мұз шоуы өтті
news-banner7
mobile-news-top

Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтті.

Аққан жұлдыздай жарқ етіп, ерте сөнген Денис Теннің достары бас қалаға жиылды. Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы көзі тірісінде жиі ұйымдастыратын «Денистің достары» атты мұз шоуы қайта шымылдық түрді.

Мұз шоуын ұйымдастыру идеясы Дениске тиесілі. Талантты спортшы кәсіби мансабын жалғастыра жүріп, жанкүйерлері алдында арнайы өнер көрсетуді игі дәстүрге айналдырған болатын. Әріптес достарын да шақырып, елімізде мәнерлеп сырғанау спортының дамуына үлес қосты. Бұл жолы шоу қонақтары ретінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Татьяна Волосожар мен Максим Траньков, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегерлері Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже сынды танымал спортшылар қатысты.

Жалпы алғанда АҚШ, Ресей, Канаданың белгілі мәнерлеп сырғанаушылары көпшілікті әсерлі қойылымдарымен тәнті етті.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер