Әлем футболы

МЮ-дің экс-бас бапкері: Суперлиганың кесірінен ұлы клубтар жойылып кетуі мүмкін

МЮ-дің экс-бас бапкері: Суперлиганың кесірінен ұлы клубтар жойылып кетуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтед» командасының экс-бас бапкері сэр Алекс Фергюсон «Реал» президенті Флорентино Перестің Суперлига құру жөніндегі сөздеріне пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz ресейлік Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Жобаның ақша үшін жасалатыны күмәнсіз және ол ағылшын клубтарын қызықтырмайды. АПЛ әлемдегі ең үздік лига екені даусыз. Кез келген ағылшындық клубтың не себепті суперлигаға барғысы келетінін тіпті елестете де алмаймын. Егер АПЛ-дегі әріптес клубтары өз бағаларын көтеретін болса, онда біз «ұлы» деп жүрген клубтардың біразы жойылып кетуі мүмкін», дейді Фергюсон.

Айта кетелік, Флорентино Перес бес үздік чемпионаттың командалары арасында Суперлига турнирін ұйымдастыру жөнінде айтып қалған болатын. Алайда мұны ФИФА басшысы да, УЕФА төрағасы да қолдамады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер