Әлем футболы

Фабрегас: Месси 40 жасқа дейін ойнай алады

Фабрегас: Месси  40 жасқа дейін ойнай алады
news-banner7
mobile-news-top

Соңғы кезде футбол әлеміндегі қос серке – Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің жастары келгені туралы көп айтылып жүр. Оларды ақтап алушылар да табылып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Солардың бірі «Монако» қорғаушысы Сеск Фабрегас алты дүркін «Алтын доп» жүлдесінің иегері Лионель Месси туралы өзінің ойын білдірді.

«Лео — өте талапшыл ойыншы. Ол өзі қалаған уақытқа дейін ойнай алады. Ал оның деңгейіне келетін болсақ, оның 40 жасқа дейін ойнайтын әлеуеті бар.

Мессидің «Ла Масияға» келген күнін әлі есімде. Ол аз сөйлейтін, бірақ ойын басталғанда оны тоқтату мүмкін емес болатын», — дейді 32 жастағы футболшы Sport.es-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетелік, Фабрегас пен Месси бір командада үш жыл доп тепкен еді. Испаниялық футболшы «Барселона» сапында 2011-2014 жылдар аралығында ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер