Әлем футболы

Варан: Роналду – ғажап адам және мықты футболшы

Варан: Роналду – ғажап адам және мықты футболшы
news-banner7
mobile-news-top

Соңғы кезде футбол әлеміндегі қос серке – Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің жастары келгені туралы көп айтылып жүр. Оларды ақтап алушылар да табылып жатыр, деп жазады Prosports.kz. Onze Mondial сайтына сілтеме жасап.

«Реал» қорғаушысы Рафаэль Варан да бұл үрдістен құр қалмады. Ол Роналду туралы бүй дейді:

«Роналду – ғажап адам және мықты футболшы. Оны сипаттауға сөзім жетпейді. Ол ешкімнің қолы жетпейтін дүниеге қол жеткізді, ол – адам сенгісіз жетістіктерге жетуді қалыпты нәрсеге айналдырып жіберді.

Роналдудың кереметтілігін сипаттауға басқа сөз табыла да қоймас. Ол мені көп нәрсеге үйретті және таң қалдыруын қоймайды. Роналдуға қарап тұрып, өзіме «Бұл неткен ғажап еді» деп сан мәрте қайталадым», дейді Варан.

Айта кетелік, Роналду 2018 жылдың жазында «Реалдан» «Ювентусқа» ауысты. Трансфер 117 миллион еуроны құрады. Ал мадридтік клуб сапында 438 матч 450 гол соққан. Сонысымен клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер